Екі дос
блог
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: "Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ" деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырып апарып тұрды.
Досы да ішінен: "Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайган шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды" деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып үйден шығып, досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір-бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.