*** Бір ғана тілегім...

*** Бір ғана тілегім...
жеке
блог

 *Бір ғана тілегімді айтайыншы...

~ ~ ~

 –  Шексіз сыйым мен махаббатым, сағынышымның алдында тілім дәрменсіз үнсіз қалатын көп сәттерді жеңе алмадым...

–  Жаныма жалау болған жалғыз жанға , жылы сөздерімді аз арнасам, жылдардан ұтылғаным...

–  Жүрегімде құндақталған есімімен есімнен кетпейтін енселікті биіктіктің, алысқа ұшырғаны алыстатпауы керек еді...

–  Жанына түйіп жүргені болса,түн ұйқысындағы қайғысы болып, алаң жүрегіндегі Алладан тілер тілегіндегі,жолынан сұрағанындағы бары  болғаным,барымның бар болғаны, бағасыз болған сәттер болмаса деймін...

–  Тәкаппарланған тұсымда, талпынып тырмысып құлаған құздан құстай қалықтап, қайта қанат қаққанымдағы, қамалымның сен екенін қиналғанда ғана түйініп қалғым келмейді...

–  Өмірдің тоқтаусыз айналған тілінің ұшымен орыннан уақытқа алмасып, айналып ортаға келсек те,ол қайталау алдайды-ау...

–  Көкжиектен шығып күлімдетіп, іңірге батып мұң салатын жалған бес күндегі барымда, өзің арқылы ғана күлуге қабілетті екенмін...

–  Мен сәби болғаннан сырымды ұққан сол жылдар мен бұл жылдар арасында орнымыз алмасқан ба екен? Алмастырсам ба екен? Алмастыра аласың ба екен? Алмасып алданысып жүре тұрған аспан астындағы тіршілікке айтар бір ғана тілегімде бары.....

....Тыңдашы...

Ей,тіршілік!!!

___________________________________________________

*………АНА...СЕН АМАН БОЛШЫ!!!