#Aigulkassymovauniverse
блог
Белгілі дизайнер Айгүл Қасымова шығармашылық мерейтойын атап өтті. Aigul'kassymova ательесінің 20 жылдығы және aigul'kassymova брендінің 10 жылдығына орай отандық дизайнер 2017 жылдың 27 сәуірінде VILLA Boutiques & Restaurants кешенінде жаңа бутиктің тұсауын кесті. Кешке келген қонақтар жаңа топтамадағы киімдер, аяқ киімдер мен әшекейлерді алғашқылардың қатарында болып көрді.
Айгүл Қасымованың ательесі мен бренді 20 жылдың ішінде 17 000 мыңнан астам бұйым тікті, 35-тен астам коллекция шығарылды, есесіне 100 километрге жуық мата шығындалды.
Айгүл Қасымова ребрендинг жүргізіп, жаңа логотипті таныстырды. Инелік бейнесіндегі логотип жаңа белестерге көтерілу деген мағына береді.
Салтанаттың кештің қарсаңында Айгүл Қасымова өз жанұя мүшелері мен құрбыларының қатысуымен үлкен фотосессия жасады. Жаңа топтамадағы киімдермен суретке түскен әрбір ару ерекше сұлу болып көрінді.
Суреттер styleofeurasia.com сайтынан алынды