Адам және әлем
блог
Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Қазір мұхиттар тұңғиығы, ғаламшар қойнаулары, заңғар таулар мен Күн жүйесіндегі ғарыш кеңістігіне және т.б. қол жеткізу соншалықты қиын емес. Бәрі де өзгереді.
Тек адам баласы ғана осыдан талай ғасыр, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгінде тап солай сүйеді, өз болмысының сырын да тап солай іздеп-табады, өзін-өзі, өзгелерді және айнала қоршаған әлемді де сол бұрынғыдай танып біледі.
Адам қоршаған әлеммен үйлесімділікті түсіне бастағанда ғана әлеммен "үндестікте" болады. Осындай үндесу, үйлесімге ие болған жан Отанға, Атаменкенге деген құрметті сезініп, оның ата-анаға, жақындарына деген сүйіспеншілігі оянып, адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасында үлкен қуанышты басынан кешеді.