Абыз би

 

                                  Абыз би

  

ХІХ –ғасырыдң орта кезінде Абыз бидің батасын алмақ боп үш жігіт ел силаған шешен қарияға келеді. Серікбай мен Жаманқұлдың сөзін тыңдап оларға  өзінше баға берген би бір кезде үшінші жігітке қарап : «Шын асылдың көзінде жасыл от болады деуші еді, Қарағымсай ныпсыңды айтшы» депті. Сонда әлгі жігіт :

-Әкемнің аты Аманбала, өзімнің есімім Кәрібжан дей бергенде, Абыз би бармағын тістеп, тікісініп қалыпты.

-Тек! Ат аспаннан, нұр бейіштен деуші еді. Ой пәле–ай, бекер болған екен-деп басын шайқаған Абыз би отырып былай деген екен:

 

                                       Ырысын жауға бермес,

Намысын дауға жібермес.

                Елдің ері кісі танысам сен боларсың

                                  Бірақ қарағам түбі бір нәрседен кем боларсың!

 

Кәріпжан қартайған кезінде: Жаманға бұйырған көп жақсы аттың бірін маған неғып қимады екен?»–деп налиды екен. Өйткені қара қылды қақ жарған Әділ би өз кіндігінен перзент көрмеген екен.

 

 



Бөлісу: