Zara

    Сіз бұрын-соңды Зара дүкенінде болдыңыз ба? Әбден мүмкін, себебі ол әлемдегі ең тез дамитын дүкендер желісінің бірі. Оның артында тұрған адам Амансио Ортега. Ол Испаниядағы ең бай адамдардың бірі, бірақ оның бет-әлпетін өте аз адам ғана біледі. Олар оның екі ресми фотографтары, және ол интервьюді өте аз береді. Ол мультимиллионер бизнесмен болғанымен, басқаларға ұқсамайды, ол костюм киіп галстук таққанды ұнатпайды, джинсы мен жейде кигенді жақсырақ көреді.

    Ол жас кезінде киім дүкенінде көмекші ретінде жұмыс істеген, бірақ әрқашан өзінің жеке дүкені жайында армандаған. 1963 жылы кішігірім әйелдер пижамасын шығаратын компаниядан бастаған. 1975 жылы, 40 жасқа келгенде Испанияның Солтүстік-Батысындағы кішігірім қала Ла Коруньяда өзінің алғашқы киім дүкенін ашады, және оны Зара деп атаған болатын. Қазір сіз Зара дүкендер желісін әлемнің кез-келген түкпірінен таба аласыз, Нью-Йорктан бастап Мәскеу, тіпті Сингапурға дейін. Неге Зара дүкендері осыншама табысты?

    Басты себеп Зара дизайнерлердің соңғы брендіне барынша тез ілесетіндігі болып табылады, және өте сәнді, бірақ қымбат киімдер өндіреді.Зара үш аптаның ішінде жаңа киім үлгілерін шығара алады. Басқа компаниялар бұған әдетте тоғыз ай жұмсайды. Сондай-ақ киімдер әр апта сайын ауысып отырады, және сатып алушылар жаңашылдықты көруге қайта оралып отырады. Зара жылына 20 000 жаңа дизайн шығарады, және оның бірде-бірі дүкенде бір айдан артық қалмайды. Солай егер сіз Зара дүкендерінен жаңа күртеше немесе жаңа белдемше көріп, Зара дүкендер желісін ұнатсаңыз, оны сатып алуға асығыңыз, себебі олар дүкенде ұзақ тұрмайды.



Бөлісу: