********

********
жеке
блог

Ертең Алла бұйыртса ауылға...бүгін жолым түсіп барахолкаға барғам...айтайын деп отырғаным жақсы нәрсе емес, бәрібір баяндайын..  Сол..базардан керек-жарақты алып болып Гүл екеуміз автобус күтіп тұрғанбыз. Гүлдің көзі шарасынан шығып кете жаздап бір жерге тесіле қалғаны, қарасам – қазақтың әп-әдемі жігіті өзінің әппақ келіншегін өлтіріп ұрып жатыр. Келіншектің аяғы ауыр. Жанымды қоярға жер таппадым мен. Бір аға барды-ау, әйтеуір. Араша болды. Құдайға шүкір. Бәрібір «ішім-ай, ішім» деген жан дауысы шығып жатыр әйелдің........тұрғызбақ болып едік, тұра алмады...тек айғайлаумен болды, жедел жәрдемнің де қазір келетін түрі жоқ. Анау оңбаған «өзімнің қатыным, жоғалыңдар» деп айғайлаумен әлек....мен әрі қарай не болғанын білмеймін. Автобуста үйге келгенше жылап келдім. Дұға еттім. Ашуымызды махаббатқа жеңдіре білейікші.