...
жеке
блог
блог
Ынтықтырып көңілді аңғалдығың,
Жүрегіме бір сыңғыр ән қалдырдың.
Тал бойыңда бір мін жоқ талдырмаш қыз,
Тамсандырдың сен мені таң қалдырдың.
Таң қалдырған екенсің тағы кімді,
Ай астында ойнатып сағымыңды.
Саған асық...!
Күнәһар кеудемдегі,
Қайда апарып байлаймын сабырымды.
Тағдырыма бұйырдың, бұйырмадың,
Саған менің жүрегім үйір жаным.
Өткінші бір жауындай өте шықтың,
Тамшы болып көмейге құйылмадың.
Қас-қағымда жүздесіп, жоғалу ма,
Бола ма екен дәл солай жоғалуға.
Жүздеспейтін сезімдер кездеспейтін,
Кеңістікте нота боп жаралуда.
Жеті түрлі түсіңе елітіп ем,
Жеті түрлі әуенмен ерітіп ең.
Сен ақыры айықпас дертім едің,
Кеңістіктің нотасын шертіп едім...
Мені саған рұқсатсыз байлап қойып,
Ие болып алды екен еркіме кім?!
04.01.2016
©Марғұлан АҚАН