Сәби жүрегі
Сәби үні шырылдайды бір тынбай,
Қатігез ана тастап кетті аямай.
Шырылдаған сәбиінің дауысын,
Естігенмен бұрылып та қарамай.
Кете барды аялдаусыз тас жүрек,
Артта қалған пәк сәбиді ойламай.
Сәби - жүрек сезгендей - ақ барлығын,
Жылап жатты көз жасын да тыя алмай.
"Тастанды" ғып тастап кеткен тас бауыр,
"Аналар" жүр ар - ұяттан адасып.
Кем кетігін түгендейме бұл тағдыр,
Шалыс басып сүрінгенге ой салып...
Авторы: Райса Оспанова