Жұма

                                                 Жұма

 

Жұманың түні болған соң,

Қабірде қалмас ешбір жан,

Әке-шеше,ұл мен қыз,

Қалдырмай бәрін қыдырған.

Жанашыр жақын ағайын,

Қатар жүрген қадырдан,

Дұға тілер қол жайып,

Өтсе біреу маңынан.

Мәз болып кетер мақтанып,

Бағыштасаң күлше нан.

Қайтармайық телміртіп,

Ата-ананы мейірбан.

Кетерміз бізде бір күні,

Бұл дүниеде кім тұрған.

Дүние теріп әр жәйда,

Бұралқы итше қаңғырған.

 

                                     Рухтың үйге кіріп зарлауы

 

Келіп айтар ата-ана,

Жанашырым қайдасың?,

Құдайы беріп,құран шық,

Ата-анаң ойлап пайдасын.

Ойына алар бір жан жоқ,

Құрытты атаң айласын.

Ризамын еске алып,

Наныңның берсең майдасын.

Жаратқан жар боп ұжмақтан,

Жайың жақсы жайлансын.

Ақылы бүтін ағайын,

Ұзақ сапарға мен үшін,

Жан жарағын сайласын.

Көріп тұр көзім бұларды,

Не боламын нанбасқа,

Шеменім сыртқа шықпайды,

Зарлы күйге салмасам.

Ұйқы кірмес көзіме,

Шалығып шаршап талмасам.

Томпаяр емес бүйірім,

Дүниені түгел жалмасам.

        

 

Біз кеттік артымызда қалдың туып,

Өткіздің өміріңді дүние қуып.

Барып ек жұма күні еске алмадың,

Қамығып қайтып едік көңіл суып.

Қайтушы ек еске алмасаң қатты жасып,

Қайғымен қасіретке ұшырасып.

Дұға ғып қайыр айлап,құрметтесең,

Қуанып қайтушы едік судай тасып.

Рахым қып ол кісілер аямаса,

Хал нашар құтылуға кінәләсіп.

 

Балмағамбет Балқыбайұлы.

 



Бөлісу: