---

---
жеке
блог

Соңғы хат

Нәтижесіз мойынсынып селтеңге,
Түсіме еріп, қажетсінбен өрт емің.
...Өткенімнің парқын пұлдап ертеңге,
Шылбырыңда демім бітпес пендемін...

Жанарды ескі суретіңе қадап құр,
Аттанбаспын, көп әлі де көресім.
Жаза қойман сен жайлы енді мадақ жыр,
Мейлі менің кеудемді ұрсын елесің...

Есін жиған маған кінә тақсаң да,
Өкініштен у ұрттама жатарға.
Батыраштың балтасымен шапсаң да,
Балтырыма балта ілуге апарма.

Тізгінімді оғаш тартып құйында,
Өксік жырмен жасым жумас бетімді.
Жалаңбұттың уы сіңген миымда -
Жоғалту да оңай табу секілді...

Бойымды алшақ ұстаудың ең зор түрі,
Табаныма сүрлеу табам сан қолай.
...Еңбексіз-ақ, ентігіп ем сол түні,
Тым әсерсіз ұмытармын, заң солай...
Кешір..!