Барады өтіп өмірім байқалмаған,
Қанша шындық, ой қалды айта алмаған.
Көз де көрді қарғаны қыран қылып,
Ал есектер тұлпар боп қайқаңдаған.
Ар-ұяты өн бойынан кетпеген,
Бір ұлылық күтетін жұрт тек менен.
Жайпап өтті дауылы дүбәра ойдың,
Шыбық едім жаңа ғана көктеген.
Не айтарсың жағымпаздық шіркінге,
Ол тұрғанда – көктемеуім мүмкін де.
Қараның да бағы бар хан көрмеген,
Сенем әлі, бәрі өзгерер бір күнде... /наурыз, 2014/