- Негізгі бет
- Шолу
- Норвегияда электр қозғалтқышты...
Норвегияда электр қозғалтқышты паром құрастырылды
Немістің Siemens компаниясы норвегиялық Fjellstrand кеме жасау зауытымен бірлесе отырып, әлемде тұңғыш рет электр қуатымен жүретін паром құрастырып шығарды. Паром автокөліктерді тасымалдауға арналған. Кеменің сыйымдылығы 120 көлік және 360 жолаушы.
Кеме 2015 жылы пайдалануға беріледі деп жоспрланып отыр. Ол қуат көзі ретінде аккумулятормен жабдықталған. Оны электр қуатымен толық қамтамасыз етуге бар болғаны 10 минут уақыт кетеді.
Оның негізгі қызметі көліктер мен жолаушыларды өзеннің келесі жағасына шығару болып отыр. Паром өзі деңгейлес кемелерге қарағанда екі есе жеңіл. Әрі экологиялық жағынан да таза көлік. Кеме жылдамдығы сағатына 18 шақырым.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com