- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: «Голубцы»...
Массагеттен мәзір: «Голубцы»
Голубцы – қырыққабат жапырағына орап пісірілген турама ет. Ұсақтап туралған ет пен пісірілген күрішті араластырып, қырыққабат жапырағына орап буға пісіретін ас. Бұл тағам Әзербайжан, Армения, Молдавия, Ресей, Украина елдерінде кең таралған.
Құрамы:
- 500 гр туралған ет (фарш);
- 0,5-1 стакан күріш;
- 1 дана қырыққабат;
- 1 дана сәбіз;
- 1-2 дана пияз;
- 2-3 дана картоп;
- қызанақ, тұз, бұрыш, аскөк.
Дайындалуы:
Күрішті шала пісіріп алып, туралған етке қосамыз. Оған ұсақталған пияз, тұз бен бұрыш қосып салманы әзірлейміз. | |
Қырыққабат түбінің әр жерінен пышақпен сәл ғана кесіп, ыстық суға салып қайнатамыз. | |
Қырыққабаттың жапырақтары бөліне бастағанда судан шығарып, жапырақтарын сылып аламыз. | |
Жұмсарып, оралуға икемделген жапырақтарға дайын салмадан салып, мұқият ораймыз. Оны қайнап тұрған судың буына 30-40 минут пісіреміз. | |
Тағамның үстіне құятын тұздық әзірлейміз. Жуа, сәбіз, картопты төртбұрыштап турап, қуырамыз. Үстіне қызанақ пен тұз, бұрыш қосамыз. Барлығын қуырғаннан соң ыстық су құйып, жәй отта бұқтырамыз. | |
Мәзір дайын, аскөкпен сәндеп дастарханға ұсынамыз. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Жолдаған: Ақнұр Бектеміс
С. А