Мөлшерлеменің өзгеру диапазонына төрттен бір пайызға өсу болжамы расталды. АҚШ Федералды резервтер жүйесі (ФРЖ) америкалық валютаға қатысты пайыздық мөлшерлемесін 1 пайыздан 1,25 пайызға көтерді. Бұл туралы ФРЖ ресми сайтында жазылды.
Айта кетсек, бұл АҚШ экономикасының тұрақты даму үдерісінің оң нәтиже беріп жатқанын білдіреді. Еңбек нарығы да алып елдің барлық сұранысын қамтамасыз етіп жатқанын көрсетеді.
Пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?
АҚШ-тың Орталық банкі (ФРЖ) әлемдегі өзге елдердың нарығы мен экспортына қажет болатын капиталды АҚШ долларымен берген кездегі үстіне қосылатын үстемесін пайыздық мөлшерлеме дейміз. Мысалы, мұндай халықаралық қаржы операциялары ФРЖ мен Қазақстанның Ұлттық банкі арасында өткізіледі. Ал Ұлттық банк Қазақстан нарығының басты реттеушісі болғаннан кейін валюта дефицитін жою үшін экспортқа АҚШ долларын тартып, импортқа теңге шығарып отырады.
USD/KZT валюта жұбының дағдарысқа дейінгі 20 жылдағы өзгерісі, Дереккөзі:Bloomberg
Оның бізге не қатысы бар?
Қазақстан экспортқа көбірек тәуелді болғаннан кейін ФРЖ-дан көрсетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша, белгілі бір қаржыны жиі алып отыруы тиіс. Бұл теңгенің құнсыздануына алып келеді. Себебі кез келген мемлекет барынша шетелдік валютаға тәуелді болмауы керек.
Teletrade трейдерлерінің пікірінше, келесі жылдың соңына дейін АҚШ долларының пайыздық мөлшерлемесі 3%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Ол АҚШ экономикасының дамуына серпін берсе, АҚШ долларына тәуелді елдерде "доллар" дефицитінің артуына негіз болады. Ал дефицит бар жерде, сол валютаның құны өсетіні белгілі. Teletrade болжамына орай, 2018 жылдың соңына дейін ФРЖ мөлшерлемесі 3 пайызға дейін көтерілсе, АҚШ долларының құны 800 теңгеге дейін баруы мүмкін. Әрине, Ұлттық банк интервенция жасап отыру арқылы, құлдырауды уақытша тоқтатуы мүмкін. Бірақ бұл 2015 жылдың тамыз айында болған девальвацияға алып келеді.
АҚШ долларына кімдер тәуелді?
Мемлекеттік бюджетінің негізгі бөлігі сыртқа шығарылатын өнімнен, яғни экспорттан түсетін елдердің барлығы АҚШ долларына тәуелді. Себебі кез келген халықаралық сауда процесі АҚШ долларымен жүргізіледі. Демек мұндай елдердің қатарында Қазақстан да бар. Себебі Қазақстан капиталының 80 пайызы мұнайды экспорттаудан түсіп отыр.
Айта кетсек, АҚШ долларының пайыздық мөлшерлемесі 2007-08 жылдары ипотекалық дағдарыс кезінде 0,25 пайызға дейін төмендетілген еді. Себебі АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырау қаупі бар болатын. Сәйкесінше өзге елдер АҚШ долларына деген сұранысын азайтуы мүмкін еді.
Графиктен АҚШ долларына сұраныстың мамыр айының басынан артқанын көреміз. Дереккөзі: Zero Hedge
Қазіргі таңда, ФРЖ соңғы дағдарыстан қалған құнсыз ипотекалық несиелерді қамтамасыз ететін құнды қағаздарының көлемі 4,2 триллионға дейін қысқартты. Демек белгілі бір келісімдер бойынша өзге елдердің Орталық банктері АҚШ облигацияларын сатып алып отыр. Бұл үдеріс АҚШ ұлттық қарызының өсуіне алып келсе, өзге елдердің АҚШ экономикасына инвестиция жасап жатқанын көрсетеді. Оның қатарында Қазақстан да бар болуы ықтимал.