2018 жылдың 1 қаңтардан бастап 16 кедендік процедураның ішінен тек экспорт қана электронды форматта іске қосылады. Атамекен ҰКП алаңында Атамекен ҚР ҰКП Басқарушы директоры-Кедендік әкімшілік ету департаментінің директоры Дина Мамашева, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Әмрин, сондай-ақ бизнес пен қауымдастық өкілдері қатысуымен Кедендік процедуралардың электронды форматқа өтуі мәселесі талқыланды. Жаңа бағдарламаны тестілеуге қатысқан кәсіпкерлердің бағалауынша, Астана-1 ақпараттық жүйесін пайдалануға 20-30%-ға ғана дайын. Сондықтан 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астана-1 ақпараттық жүйесін іске қосу мүмкін емес. Бәріңізге белгілі 21 желтоқсан күні Кеден заңнамасы қабылданды. Енді жаңа заңнмаға сәйкес 1 қаңтардан бастап кедендік процедуралар электронды форматқа ауысу керек. Алайда бір қатар мәселелр орын алып отыр. Біріншіден, нормативті құқықтық база, барлығы әлі дайын емес, оны екі ай ішінде жетілдіреміз. Өйткені 21 желтоқсан күні ғана заңнама қабылданды. Екіншіден, ақпараттық жағы реттелуі керек. Үшіншісі ішкі қатынас пен коммуникациялар жөнінде болмақ. Осы сұрақтар бүгін талқыланбақ. Кедендік процедураларды енгізу бизнес қатты алаңдатады. Бұл жұмыс бизнеске қатты соққы жасамауы керек, деді Дина Мамашева. Айта кетелік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан кедендік 17 процедураның барлығы электронды декларациялауға өтуі тиіс, Астана-1 пилоттық жобасы Қазақстанның барлық аймағына таралуы керек. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік транзит процедурасына қатысты алғашқы пилоттық жобаны транзит процедурасы бойынша бірінші рет қазан айында қосқан еді, одан кейін 28 қарашадан кедендік 16 процедураның пилоттық пайдалануды бастады. Астана-1 ақпарттық жүйіесінің Кеден транзиті модулін қосу 2,5 айға созылғанын атап өту керек. Алайда басқа процедуралар бойынша электронды форматқа өтуге жүйе дайын емес. Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы Ардақ Теңгебаев ақпараттық жүйе ЕАЭО заңнамасына сәйкес реттелді деп айтты. Әрине біз жүйені ҚР заңнамасы мен ЕАЭО заңнамасына қарай негіздедік. Әзірлеушілер 20 желтоқсан күні жүйе дайын болады деп айтқан болатын. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. 1 қаңтарға дейін дайын емеспіз. Бұл міндетті Үкімет алдында бітіруіміз керек еді. Біз Мемлекеттік кірістер комитеті ретінде осыған дайндалған едік. Кедендік трназитті 1 қазаннан басап енгізген болатынбыз. Кедендік транзит Астана-1 жүйесі бойынша жақсы жұмыс істеп тұр. 10 желтоқсан күні әзірлеушілерден хат келді Астана-1 жобасын кезең кезеңмен ғана енгізіледі. Сонымен 1 қаңтар күні тек қана экспорт процедурасы электронды форматта іске қосылады, деді Ардақ Теңгебаев. Кедендік бақылау департаменті Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары, Астана-1 ақпараттық жүйесі жобасының жетекішсі Үмітгүл Губашева тауарларды электронды декларациялау ыңғайлы платформаны қамтамасыз етіп, шығындарды азайтуға жол ашатынын алға тартты. Енгізілмек жобаның олқылықтары мен кемшіліктерін КАТБ/П ЗТБ Кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков тізіп шықты. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Әмрин Астана-1 ақпараттық жүйесінде кемшіліктер бар екенін растады. Оның айтуынша кез келген ақпараттық жүйені іске асырарда техникалық олқылықтар болып жатады. Ал БҚО ірі экспорттаушысы болып табылатын Жайықмұнай ЖШС-ның кедендік рәсімдеу бойынша бас маманы Алмагүл Ескенованың айтуынша Астана-1 жүйесі тестілеуі басталғаннан бастап Жайықмұнай ЖШС тек бір декларацияны жасай алған. Оның өзі жүйенің айтқанын орындау арқылы жүзеге асқан. Кедендік декларацияны толтыруда көп олқылықтар орын алған. Бір декларацияны толтыруға 20 минуттан 2 кінге дейін уақыт кетеді. Госман Әмрин Жайықмұнай ЖШС ескертпелері қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар Астана-1 жүйесіне қатысты олқылықтарды бизнес өкілдері Б.Зүлпібеков (Центр специалистов ЖШС), А.Новиков (Филип Моррис Казахстан ЖШС), А.Ходжамбердиев, В.Василенко (Sector-3 ЖШС), И.Дымова (ССГПО ЖШС), А.Жамашева (АОЗТ КПО) атап өтті. Атамекен ҚР ҰКП Басқарушы директоры-Кедендік әкімшілік ету департаментінің директоры Дина Мамашева Ұлттық палатаға сараптамаға Кедендік кодекстегі 93 нормативті акттің 72-сі түскен. Бизнес-қауымдастық қа аталған актілерге назар аударып, ескертпе мен өзгертулер жасап, Ұлттық палатаға жолдау ұсынылды. Сонымен қатар ҰКП Кедендік әкімшілік ету департаменті директорның орынбасары Эльвира Каримова ЕЭК-тің ЕАЭО Кедендік кодексінде қарастырылған басым шешімдерді қабылдау процесі туралы ақпарат берді. Эльвира Каримова сөзінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік кіріс комитеті барлық ЕЭК-ның басым шешімдерінің күшін жою және осы ЕЭК шешімдерінің ережелерін ескере отырып, осы ЕЭК шешімдерінің ережелерін іске асыруға сәйкес Астана-1 ақпаратық жүйесінің дайындығы туралы Ұлттық палатаға хабарлау туралы шешім қабылданды. Іс-шара қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті бизнестің олқылықтарын ескере отырып, 2018 жылдың 1 қаңтарында кедендік 17 процедураның ішінен тек экспорт пен транзит процедурасы ғана іске қосылады деп хабарлады. Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамаларын түсіндіру бойныша 24 сағат бойынша жұмыс істейтін Call-орталық іске қосылмақ.