«Маңғыстау индустриалды паркі» индустриалды аймағы 1999 жылдан бері тұралап тұрған Ақтау пластикалық масса зауыты аймағын қоса алғанда жалпы ауданы 189 га жерге орналасқан. Индустриалды аймақ «жеңілдікпен кәсіп ашам» деген жанға зор мүмкіндік беріп отыр.
Аймақ іші бұрын зауыт орны болғандықтан, инфрақұрылым жағы толықтай дерлік шешімін тапқан. Мысалы, индустриалды аймақ ішіне 11,464 шақырымға созылған ішкі темір жол, табиғи газ, техникалық және ауыз су құбырлары тартылған. Сонымен бірге, болашақ кешеннің тәулігіне 5000 текше метрге дейін өндірістік қалдық суды тазартатындай шамасы бар. Мекемеңіз үшін кеңсе жайлары да қарастырылған.
Бір айта кетерлігі, кәсіпкерлерге аймақ ішінен жер телімдері мен кеңселер бірдей жеңілдетілген бағамен (шаршы метріне 100-500 теңге аралығында) беріледі. Бүгінгі таңда индустриалды аймақ ішінен кәсіптерін бастауға «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған комиссия шешімімен 12 жеке және заңда тұлғаның жобалары мақұлданып отыр.
Сіз де осы мүмкіндікті қалт жібермей, бизнес жобаңызды ұсыныңыз. Жобаға қызығушылық танытсаңыз, кәсіби кеңес үшін Ақтау қаласы, 35 шағынауданы, МО КҚКО ғимараты, консалтинг және жобаларды сүйемелдеу бөліміне хабарласыңыз.