Қытайдағы еңбек күшінің бағасы арта бастауы кейін кәсіпкерлердің көрші дамушы елдердің еңбек нарығына назар салуына итермелеуде. Күні кеше Қытайдан келген бизнес өкілдері Қазақстанда кәсіпорын ашу әлдеқайда тиімді екенін айтады.
Қазақстан-Қытай бизнес форумына қатысқан Аспан асты елінің бизнес өкілдері айтуынша, соңғы жылдары Қытайда еңбек күшінің бағасы біршама артқан. Сондықтан өндіріс орындарын Қазақстанға көшіру мүмкіндіктерін қарастырып жатқандарын жеткізді.
"Қытай мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасы дамып жатқанын білеміз. Бірақ бұл бизнес секторының жоғары деңгейде екенін көрсетпейді. Қазақстанда фабрика ашып, күтпеген қиындықтарға тап болуымыз мүмкін. Себебі біз Қазақстанның шетелдік инвесторларға жасайтын жағдайы туралы шынайы ақпаратқа ие емеспіз",– дейді Ву Сонг форум барысында.
Қытайлық серіктестер жергілікті азаматтардың шетелдік инвесторларға деген көзқарасын осы кездесулер аясында анықтауды жоспарлап отыр.
Сонг мырзаның айтуынша, Қытай инвесторлары Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында қызмет ететін фабрикалар салуға қызығушылық танытып отыр. Шетелдік бизнес өкілдерінің шешімі жоба аясында Қазақ жерін жалға алу келісімі, субсидия мен мемлекеттік қолдаудың деңгейіне тәуелді болмақ. Десе де, қытайлықтар келісімнің оң болуына потенциалды түрде дайын екендерін жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір ай бұрын Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға 2020 жылға дейін 2 миллион контейнер жүкті тасымалдау туралы өзара келісім жасалған болатын.