Соңғы 10 жылда Қазақстанда табысқа жетіп, компанияның активін оффшорлы зонаға шығару үдерісі жылдам өріс ала бастады. Нақтырақ айтар болсақ, 2007-17 жылдар аралығында Қазақстанның сыртқы нарығына шығарылған жылдық капиталдың көп бөлігі 2010 жылы ($10.5 млрд) кеткен. Ал ең аз бөлігі 2010 жылы шығарылды.
Сыртқа кеткен инвестиция көлеміне шетелдік компаниялардың акцияларына жасалған салым, Қазақстандағы шетелдік компаниялардың табысы мен шығыны және импортқа жұмсалған капитал кіреді.
Қазақстанда ашық экономика саясатын жүргізуге барынша назар аударылып жатыр. Десе де, оффшорлы зонада тіркелген компаниялар өз инвесторлары мен акционерлері туралы мәліметті жасыру әлі де бар. Сосын салық төлеу жүйесіне өзгеріс енгізу туралы жиі айтыла бастағалғалы бері, сыртқа кетіп жатқан капиталдың мөлшері біршама өсті.
Тізімдегі елдердің басым бөлігі дамыған елдер болып саналады. Десе де, капиталын сыртқа ең көп шығарып жатқан елдердің тізімінде Қырғызстан 11 орында тұр. Дереккөзі: ҚР Қаржы министрлігі
ҚР Қаржы министрлігі жыл сайын салық төлеуге жеңілдік беретін мемлекеттер тізімін жаңартып отырады. 2015 жылы тізімнен Индонезия, Люксембург пен БАӘ сынды елдер шығарылғаннан кейін 58 ел қалған болатын. Ал өткен жылы Кипр елі де салыққа қатысты қосымша жеңілдік жасамайтыны туралы мәлімдеді.
Бір қызығы, оффшорлы зонаға кіретін елдерге кететін инвестиция көлемі бойынша ТОП-15 елдің көрсеткіші әлемдегі шығарылған активтердің 98,4 пайызын құрап отыр.
Елімізде ағымдағы жыл басынан сырттан сатып алынатын кез келген мүлік не табыс туралы мәліметті ашық түрде жариялау талабы туралы Салық кодексіндегі жаңа өзгеріс күшіне енді. Министрліктің ресми ақпаратына орай, 2015 жылы 700 миллион АҚШ доллары көлеміндегі капитал сыртқа шығарылғаны туралы ресми айтылған.