Қазақстанда тағы бір компания 1 АҚШ долларына сатылды

Қазақстанда тағы бір компания 1 АҚШ долларына сатылды
Фото: www.kursiv.kz

"Карповский Северный" компаниясы акцияларының 49 пайызын иемденген MOL Hungarian Oil and Gas Plc. компаниясы осындай шешім қабылдап отыр. Бұл туралы ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ аталған компанияның 100 акциясына қол жеткізді. "Келісімшартқа орай, өзгертулер енгізу құқығы толығымен ҚазМұнайГаз басшылығына берілді. Карповский Северный компаниясының акционерлеріне де ыңғайлы бизнес климат ұйымдастыруды қолға аламыз",  деп жазылған ҚазМұнайГаз баспасөз мәлімдемесінде.

Ресми ақпаратқа орай, Карповский Северный мұнай, газ және конденсат өнімдерін барлау жұмыстарын жалғастыра бермек. Компанияның негізгі штаб-пәтері Орал қаласында болғандықтан, барлық жобалар Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылады.

Айта кетсек, 2012 жылдың маусым айында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Карповский Северный» компаниясының 49 пайыз акциясын венгерлік Hungarian Oil and Gas Plc. компаниясына сатып жіберген болатын. Бес жыл өткен соң, аталған келісімшарт тағы қаралып отыр. Оған венгер инвесторының Қазақстан нарығындағы капитал көлемін азайту негіз болып отыр.

Ж. Өрісбай