Қазақстанда пәтерді жалға алу арзандады

Қазақстанда пәтерді жалға алу арзандады
Фото: dailyhome.kz

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы пәтерді жалға алу құны соңғы 5 жылдағы төмен көрсеткішке жетіп отыр. Баға қазақстандықтардың тұтыну мүмкіндігі төмендеуіне байланысты түскен. Соңғы жарты жылда пәтерді жалға алу 0,1 пайызға арзандаған.

Ranking.kz сарапатамалық агенттігінің мәліметіне орай, қазақстандықтардың тұтыну мүмкіндігі өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,4 пайызға төмендеген. Жалға алу құны өзгергені еліміздің 5 аймағында байқалады.

Алматы қаласында пәтер жалдау 9,7 пайызға арзандаған. Ал Астана қаласында ЭКСПО өтіп жатқанына қарамай, баға 9,3 пайызға төмендеп кеткен. Кейінгі орында 4,7 пайызбен Көкшетау қаласы тұр. Павлодар (4%) мен Өскемен (2,5%) қалаларында да жалға алу бағасы төмендеген.

Ж. Өрісбай