- Негізгі бет
- Бизнес жаңалықтар
- Қазақстанда жүк тасымалдайтын...
Қазақстанда жүк тасымалдайтын әуе компаниясы құрылады
ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Алик Айдарбековтің мәлімдеуінше, "Air Astana" мен "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниялары жыл соңына дейін бірігіп, жаңа әуе компаниясын құрады.
"Кез келген дамыған елде жүк тасымалдайтын әуе компаниялары жұмыс істейді. Қазақстанда осыған дейін бұл сектордың өкілі болған емес. Министрліктің қолдауымен ұлттық компаниялар осындай компанияның негізін салады", - дейді Айдарбеков мырза.
Ресми ақпаратқа орай, ағымдағы жылдың соңына қарай, әуе компаниясы өз қызметін бастайды. Жоспар бойынша, бастапқыда компания еншісінде екі ұшақ болмақ.
Айта кетсек, Қазақстанда әуе арқылы жүк тасымалын шетелдік компаниялар жүзеге асырып жүр. Министрліктің инвестициялық стратегиясы бойынша, қазақстандық компания да бұл бизнес секторының негізгі үлескелерінің біріне айналуы тиіс.
Алик Айдарбековтің айтуынша, жаңа әуе компаниясын отандық инвесторлармен бірге құру көзделіп отыр.
Ж. Өрісбай