- Негізгі бет
- Бизнес жаңалықтар
- Қазақстан шаруа өкілдері...
Қазақстан шаруа өкілдері 2016 жылы 43 мың тонна көкөніс дайындады
Қазақстанда өткен жылы жалпы жер аумағы 86 гектарды құрайтын 21 жылыжай салынып, жыл бойы 42,8000 тонна көкөніс өнімдері дайындалды. Бұл туралы "ҚазАгроФинанс" АҚ-ның 2016 жылға жасаған есебінде мәлімдеді.
Айта кетсек, "ҚазАгроФинанс" АҚ негізгі мақсаты – еліміздегі ауылшарушылығының өкілдеріне қолдау көрсету. Өткен жылдың жоспарында қаржылай қолдау көрсету тек егіншілікпен айналысатын отандастарымызға ғана емес, әртүрлі сектордағы фермерлерге де берілген.
Өткен жылдың субсидия беру жоспары бойынша 146,2 мың тонна сүт және сүт өнімдері дайындалды. Орташа есеппен, күніне 400 пакет сүт саудаға шығарылып отырған. Жалпы бөлінге 41 миллиард теңгеге 37 сүт фермасы іске қосылған. Барлығы болып, 267 000 бас қара мал сатып алынған. Аталған көрсеткіш еліміздегі сүт өнімін дайындайтын фермалардың 20 пайызын қамтиды.
Одан бөлек, аграрлық секторлық жұмыс істеу үдерісін арттыру мақсатында 962 трактор, 490 комбайн және 28 мыңға жуық өзге де техника сатып алынған.
Өткен жылы толығымен іске қосылған барлық жоба саны – 435. Ал оған бөлінген қаржы көлемі 236,7 миллиард теңгені құрап отыр.
Жалпы есеп бойынша "ҚазАгроФинанс" АҚ соңғы 16 жылда еліміздің аграрлық секторын 577,2 миллиард теңгемен қаржыландырған. Оның 92 миллиарды (17%) мемлекеттік бюджеттен, 111,2 миллиард теңгесі (19%) ҚР Ұлттық қорынан, ал қалған 369 миллиард теңге (64%) банк секторы мен жеке инвесторлар тарапынан бөлінген.
Ж. Өрісбай