Қазақстан өндірісі 7,8 пайызға өсті

Қазақстан өндірісі 7,8 пайызға өсті
Фото: Altyn-orda.kz

Ағымдағы жылдың қаңтар мен мамыр айлары аралығындағы өндіріс көлемі өткен жылдың көрсеткішінен 7,8 пайызға артқан. Бұл туралы ҚР Статистика комитеті мәлімдеді.

Көрсетілген уақыт мерзімінде шикі мұнай, табиғи газ, металл рудасы мен көмір өндірісі өскен. Нақтылап өтсек, мұнай өнімдерін өндіру 9,5 пайызға артса, металл рудалары 41 пайызға өскен. Ал электр энергиясы өндіру 10 пайыздан асып отыр.

Одан бөлек, азық-түлік өнімдері, мұнай өнімдері өңдеу, фармацевтика өнімдерін дайындау, металл өндірісі мен машина жасау салаларында да үдеріс байқалады. Ал темекі өнімдерінің көлеі қысқарған.

Өндірістік дайын өнімдерді шығару еліміздің 13 аймағында байқалады. 

Ж. Өрісбай