Ағымдағы жылдың қаңтар айынан шілдеге дейін Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 4,3 пайызға өскен. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді.
"Ел экономикасы соңғы 8 айда 4,3 пайызға өсті. Сыртқы сауда көлемі үш есе артып, инфляция көлемі белгіленген жоспар мөлшерінде тұр", — деді Руслан Дәленов ҚР үкіметінің отырысында есеп беру кезінде.
Вице-министрдің айтуынша, өсімнің жоғары динамикасы экономиканың 4 негізгі саласыда байқалады. Өндіріс көлемі тау-кен секторының есебінен 8,5 пайызға артқан. Бұл соңғы 6 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Ал экономикалық өсімнің бәсеңдеуі құрылыс (0,1%) пен ауыл шаруашылығы (1.9%) секторларында байқалады.
Ұлттық валютаның жылдық инфляция көрсеткіші төмендеп, тамыз айында 7 пайызды құраған. Ал жұмыссыздық көрсеткіші (4,9%) жыл басынан бері өспеген.
Дәленов мырзаның айтуынша, құрылысы секторының өсуі Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Манғыстау және Қызылорда облыстарында баяулаған.