Бұл көрсеткіш, өткен жылдың статистикалық мәлімдемесіне орай, 15 пайызға артқан. 2016 жылы 3,2 мың компания бизнесі тоқтатылған. Соңғы алты айда 9 үлкен (35%), 18 орта (25%), 3.6 мыңнан астам кіші (15,5%) бизнес өкілдерінің компаниялары жабылған. Бұл туралы LS басылым жазып отыр.
Өз ісін тоқтатқан 1100 компания сауда секторына тиесілі. Сонымен қатар, тізімде 418 құрылыс компаниясы, 256 техникалық және ғылыми бағыттағы бизнес жабылған.
Өнімді өңдеумен айналысатын 203 кәсіпорын, жылжымайтын мүлік саудасына қатысты 197 агенттік, 156 ауылшаруашылығы мекемесі, 133 білім беру орталығы, 131 қаржы және сақтандыру компаниясы мен 130 логистикалық фирма өз жұмысын тоқтатқан.