2019 жылдың 15-16 ақпанында болашақ әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған екі күндік семинар өтеді. Білім жобасы Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі (ӘКМ) мен "Шеврон" компаниясы, Британдық Кеңес (British Council) және Атырау қаласы әкімдігінің «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» серіктестік жобасының қолдауымен 2019 жылдың "Жастар жылы" деп жариялануына байланысты ұйымдастырылған.
Жобаның негізгі мақсаты – болашақ кәсіпкерлерді әлеуметтік бизнес негіздеріне үйрету, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және инновациялық идеяларды қолдау арқылы қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерін шешу.
Семинарға барлық әлеуметтік топтар мен әртүрлі жастағы азаматтар қатыса алады және жалпы 40 қатысушы іріктелінеді. Іріктеу негізіне үміткерлердің Атырау өңірінің өзекті мәселелерін шешу үшін әлеуметтік жоба құру мотивациясы алынады. Іріктеу онлайн-сауалнама арқылы жүргізіледі. Қатысқысы келетін адамдар 2019 жылдың 14 ақпанына дейін толтыруға тиісті. Осы жобада қатысушылардың қатарында ҮЕҰ өкілдері, Атырау қаласының азаматтық белсенділері мен кәсіпкерлері болады деп үміттенеміз.
Семинарда Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын тәжірибелі әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесумен қатар презентациялар, пікірталастар және нетворкингтер ұйымдастырылады.
Тренерлер:
Эмин Аскеров - “Green TAL” әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы, "НИКА" Коммуникативтік Дамыту Орталығының лицензиясы бар тренері.
Арман Ақбердиев - "Атамекен" ҰКП бизнес тренері, бизнестегі жаттықтырушылық пен консалтингтікте, FMCG (кең тұтынылатын тауарлар) сату мен маркетинг саласында және PR-да 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Эмин Аскеров, “Green TAL” әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы және ӘКМ-нің тренері: «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде қатысушылар өздерінің әлеуметтік жобаларын бастау үшін қажетті білім ала алады. Екі күндік семинарда олар кәсіпкерліктің теориялық және практикалық негіздерін үйренеді, бизнес-жоспарлау және өндірістік шеберханаларды ашу бойынша дайындықтан өтеді. Бұл жоба азаматтарға идеяларын біріктіруге және дамытуға мүмкіндік береді » - деді.
Семинарға қатысқаннан кейін жобаға қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы білімдерін тереңдетіп, жеке әлеуметтік кәсіпорындарын дамыта алады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі 2018 жылдың 2 ақпанында Астана қаласында ашылды. ӘКМ-нің қолдауымен 12 әлеуметтік кәсіпорын пайда болды. 2018 жылдың жазғы мауысымында ӘКМ аясында Қазақстанның 13 қалаларына сапар ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: әлеуметтік кәсіпкерлік идеясын тарату.