Италия нарығындағы ең іріEni мұнай-газ компаниясы Қазақстанға инвестиция құюға дайын екенін мәлім етті. Бұл туралы Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімовтің италиялық Eni мұнай-газ компаниясының өкілдерімен кездесуінде белгілі болды. Екі тарап газ өңдеу зауытын салу, Каспий теңізіндегі Исатай және Абай кен орындарында жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ қайта қалпына келетін қуат көздерін дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық ықтималдығын талқылады. Қазір әлемде мұнай өндірісі төмендеуімен қатар оның бағасы қымбаттады. Біз мұны оңтайлы пайдалануымыз керек. Біздің компания қазақстандық жобаларды инвестициялауды жоспарлап отыр. Ол үшін қазіргі уақытта Қарашығанақ жобасын дамыту қолайлы болмақ, дедіEni компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директорыАнтониоВелла. Кездесу барысында италиялық компания Қазақстанмен жасыл энергетиканы дамыту бойынша ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіретінін айтып өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Италия Ақтөбе облысында жел электр станциясын салу және Жамбыл облысында Бурное күн электр станциясын инвестициялау бойынша келіссөздер жүргізуде.