Пекин әлемдегі миллиардері ең көп қалаға айналды. Былтыр мұнда тұратын миллиардерлер саны – 100-ге жетті.
Өткен жылы Қытай астанасынан 33 жаңа миллиардер шықты. Бейжіңдегі ең бай адам – ByteDance негізін қалаушы Чжан Имин. Оның байлығы 35,2 миллиард доллар.
Одан кейінгі сатыда Нью-Йорк. Бұл қаладағы қалталылар саны – 99. Былтыр қаладағы миллиардерлер қатарына тағы жеті адам қосылған. Нью-Йорктегі ең бай адам – бұрынғы қала мэрі Майкл Блумберг. Оның жеке капиталы – 59 миллиард доллар.
Сонымен бірге, АҚШ миллиардерлер саны бойынша көшбасшы болып қала береді. Бұл елдегі дәулеттілер саны –724 адам. Ал екінші орындағы байлар саны – 698. Оның басым бөлігі Гонконг пен Макаода тұрады. Одан кейінгі орындарда Үндістан (140), Германия (136) және Ресей (117) тұр.
Айта кетейік, биыл жеті қазақстандық әлемдегі ең бай адамдардың қатарына енген болатын.
Кәсіпкер Владимир Ким – 622 орын (жеке капиталы – 4,6 миллиард доллар);
Кәсіпкер Болат Өтемұратов – 891 орын (3,4 миллиард доллар);
Kaspi.kz-тің негізін қалаушы Вячеслав Ким – 925 орын (3,3 миллиард доллар);
Оның командаласы Михаил Ломтадзе – 956 орын (3,2 миллиард доллар;
Тимур мен Динара Кулибаевалар – 1111 орын (әрқайсысының капиталы – 2,8 миллиард доллар);
Freedom Holding Corp. иесі Тимур Турлов – 1517 орын ( 2,2 миллиард доллар).