2016 жылы Қазақстандағы ресторандар табысы 415,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 29,1 пайызға (321,9 млрд теңге) көп.
Нақтырақ тоқталып өтсек, ресторан секторындағы шағын бизнес өкілдері 271,4 млрд теңге тапса, орта – 24,5 млрд теңге, ал алып ресторандар желісі 119,9 млрд теңге көлемінде табысқа жетті.
Жалпы табыстың басым бөлігі Алматы қаласының еншісінде. Оңтүстік астанадағы ресторандар 131,3 млрд теңге көлемінде кіріске ие болған. Ал Астанада ресторан бизнесінің өкілдері 56,7 млрд теңге, Атырау облысының кәсіпкерлері 41,8 млрд теңге табысқа жетіп отыр. Өзге облыстар бойынша шолып көрелік:
ОҚО – 28,7 млрд теңге
Маңғыстау облысы – 22,8 млрд теңге
БҚО – 20,4 млрд теңге
ШҚО – 19,1 млрд теңге
Қарағанды облысы – 17,2 млрд теңге
Ақтөбе облысы – 16 млрд теңге
Осыған дейін Қазақстан бизнесіндегі ресторан секторының орташа чегі екі есе қысқарып, табыссыз қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ал VIP-қонақтарға қызмет көрсететін ресторандар саны 4 есе төмендеген. Бірақ орта ауқатты азаматтар тұтынатын ресторандар саны керісінше артқан.