- Негізгі бет
- Бизнес жаңалықтар
- Екінші деңгейлі банктердің...
Екінші деңгейлі банктердің шығыны артты
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының есебіне орай, 203,9 миллиард теңге шығынды болды. Ал бір ай бұрын жарияланған есепке орай, банк секторының табысы 204 миллиард теңгені құраған. Соңғы рет 2012 жылы банктердің табысынан шығыны көп болған. Нақтырақ айтып өтсек, 2012 жылдың бірінші жартысында шығын көлемі 1,3 триллионға жеткен еді.
Бір жыл бұрын банк секторының жарты жылдық табысы 243,8 млрд тенгені құраған. Бұл 2010 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып саналады.
Айта кетсек, бүгінде екінші деңгейлі банктердің саны — 33. Ал 5 банктің биыл шығыны табысынан артып отыр. Мұндай көрсеткіш өткен жылы 3 банктің есебінде көрсетілген еді.
Сонымен 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында 28 банк табысы шығынынан көбірек болып отыр. Ал олардың 18-і өткен жылғы көрсеткішінен жоғарылаған.
Биыл Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шығыны табысынан артқан. Бұған экономикалық дағдарыс әсерінен халықтың әлеуметтік мүмкіндігінің нашарлауы себеп болып отыр.
Ең жоғарғы көрсеткіш Халық Банкіне тиесілі. Бұл банктің табысы 88,3 млрд тенгені құрап, өткен жылғы есебінен 26 пайызға көп болып отыр. Кейінгі орында 26,7 млрд тенге табысымен Kaspi Bank тұр. Kaspi табысы өткен жылғысымен салыстырғанда 83,8 пайызға артқан.
Үздік үштікке 14,6 млрд тенге көрсеткішімен Тұрғын Үй Құрылысы Жинақ Банкі еніп отыр. Бұл банк табысын өткен жылғы көрсеткішінен небәрі 4,1 пайызға арттырған.
Ж. Өрісбай