Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай цифрлық өнеркәсіптік кеңістік құрылатын болды. Бұл жайындаҚазақстан машина жасаушыларының VI Форумында Еуразиялық экономикалық комиссиясының өнеркәсіп және агроөнеркәсіп министрі Александр Субботин мәлімдеді. Одаққа мүше елдердің үкімет басшыларының шешіміне сәйкес, ЕАЭО мемлекеттерінің өнеркәсібінде цифрлық трансформация және бірыңғай цифрлық өнеркәсіптік кеңестікті қалыптастыруға жағдай жасау үшін тұжырымдама дайындалу үстінде. Ол 2019 жылдан бастап жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде біздің елдерде ЕАЭО негізінде өнеркәсіптің ақпараттық жүйесін құруға сұраныс туындап жатыр.2017 жылы өнеркәсіптік кооперация мен субконтракцияның еуразиялық желісі құрылды. Қазіргі таңда өнеркәсіпке талдау жасау, субсидия мониторингі, еуразиялық жобаларға ақпараттық қолдау саласында біршама қосымша жүйелерді дайынап жатырмыз. Олар ЕАЭО ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болады, деді А. Субботин. Мәлімдемеге сәйкес, бірыңғай жүйе барлық өндірістік әрі ғылыми ұйымдар арасында байланыс орнатуы тиіс. Сондай-ақ,Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумында сөйлеген Жеңіс Қасымбектің дерегіне сәйкес, 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылған әр екінші автомобильотан өнім екен.