- Негізгі бет
- Бизнес жаңалықтар
- Бақытжан Сағынтаев: Шағын...
Бақытжан Сағынтаев: Шағын және орта бизнесті қолдау – Үкімет үшін маңызды
Шағын және орта бизнестің түйткілді мәселелері ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік кеңес мүшелерімен өткізген кездесуі барысында талқыланды. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов келешектегі дамудың басты тетіктеріне тоқталды.
Оның айтуынша, ең алдымен, кәсіпкерлерге ақпарат алуды қамтамасыз ету керек.
«Бизнес үшін түсінікті, саны нақты көрсетілген ақпарат керек. 2015 жылдың өзінде Алматыда бас жоспар, қызыл жолақ туралы толық ақпарат енгізілген портал іске қосылды. Бизнес қай жерде құрылыс бастауы керектігін білу үшін бағыты болу керек. Енді сол порталға инженерлік желілер – жарық, газ, су және т.б. алу туралы ақпарат енгізілуі керек. Бұл талап монополистерге 1 қаңтардан бастап қойылады. Бизнес әкімдіктер мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарын төңіректеместен, жер комиссиясының байқауы туралы ақпаратты қашықтықтан ала алады. Құрылыс, нысаналы мақсатын өзгерту, желілерге қосылуға қатысты барлық мәліметті тікелей байланыспай, қашықтықтан алуы тиіс. Мұндай тәжірибе Қызылорда, Маңғыстауда бар, Алматыда жұмыс жүргізіліп отыр», - деп хабарлады Абылай Мырзахметов.
Басқарма төрағасы сонымен қатар қаладағы тұрақсыз сауда нысандарын көшіру мәселесін де көтерді.
«Алматыда 1600 киоск ережеге сай емес. Олардың көбі қызыл жолақта тұрса, басым көпшілігінде құжат болмаған. Оның ішінде жаңа ереже бойынша заңдастырылғаны, жаңа ережеге берілуді күтіп отырғаны да бар, айтарлықтай бөлігі нарықтан шықты. Құқықтық жағын зерделеп жатырмыз. Біз бизнесмендердің кінәсіз екенін түсінеміз. Бұған дейін басқаша ереже болған: әкімдікте тексерусіз құжат беріп, дизайн келісілмеген және т.б. мәселелер орын алған. Біз өркениетті тәсілді құптаймыз. Үлгі ретінде Астананың ұстанамыз. Ол жақта 7 жылға рұқсат беріп, киосктің дизайны мен орны келісіледі. Сондықтан жоғарыда айтып өткен бас жоспар туралы ақпарат бизнес үшін аса маңызды», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Мұнымен қоса, спикер ҚР Премьер-министріне қала ішінде шағын индустриялық аймақ құру туралы идеяны айтты. Қаланың жалпы өңірлік өнімінің 90% қызмет көрсету саласынан түседі, олар үшін арнайы алаң қарастыруға болады. Бұл тәжірибе Түркияда сәтті қолданылады, бұл бағытта ӘКК бағыты бойынша белгілі бір жұмыс атқарылып келеді.
Сондай-ақ, «Атамекен» Басқарма Төрағасы жергілікті қамту үлесін арттыру жұмысына да тоқталды. 2017 жылдың 1-жартысында Алматыда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алулары 392 млрд теңгеге жүзеге асырылған. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Коммуналдық меншікте 1864 нысан анықталған. ҚР Қаржы министрлігіне Жоспарға қосымша 92 нысан енгізу бойынша ұсыныстар жолданды.
Нәтижесінде әкім мен Кәсіпкерлер палатасы айтылған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға қатысты шешімге келді. Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнесті дамыту Үкімет жұмысының басым бағыттары, негізгі міндеті бұрынғыдай отандық кәсіпкерлердің дамуы үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру екенін атап өтті.
Ж. Жұмағұлов