«Атамекен» алаңында Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне арналған жиын өтті.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев жиынды аша отырып, күн тәртібіне электронды өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімді өнімдерінің реестрі мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіби стандарттарды дайындау мәселелері шығарылғанын хабарлады. Атап айтқанда сенімді өнімдер реестрін дайындау, оған енгізудің белгілерін, сатып алудағы басымдықтарды әзірлеу мәселелері талқыланды.
Эльдар Жұмағазиев отандық компаниялар 400 млрд теңгеге темір, софт пен басқа да компьютерлік жабдықтарды импорттайтынын айтты.
«Барлығын шоғырландыру міндеті тұр. Сондықтан нарықта қалыптасқан сенімді өнімдердің реестрі керек деген шешімге келдік. Егер осы желіде отандық өнім болса, шетелдік өндірушілерден сатып алудың қажеттілігі болмауы керек. Қазір бір сол реестрге енгізілетін талаптар жайындай айтып отырмыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Голобурданың айтуынша қазіргі таңда электронды өнеркәсіпке басымдық берілген.
«Біз бизнес тарапынан реестрге енгізілетін өнімдердің ережесі, белгілері мен түрлері бойынша ұсынысты тыңдағымыз келеді», – деді Дмитрий Голобурда.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басқарма басшысы Дархан Ахмедиев еліміздегі электронды өнеркәсіптің ахуалы жайында баяндады.
«Электронды өнеркәсіп нарығының жалпы көлемі шамамен 16 млрд теңге. 2017 жылы нақты көлем индексі бойынша компьютер, электронды және оптикалық өнімнің өндірісі 113,6% артты. Тұтынушы және кәсіби салада электронды өнеркәсіп өнімінің негізгі өндірушісі – «Логиком» АҚ, «Элтекс Алатау» ЖШС, «Сайман» корпорациясы және басқалары», – деді Дархан Ахмедиев.
Барлық спикерлер мен жиынға қатысушылар отандық компаниялардың көбеюі үшін электронды өнеркәсіп өнімдері мен бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімді реестрі арқылы IT өнімдердің сатып алуларын енгізу қажеттілігі туралы пікірге тоқталды.
Алматыдан Қазақстан ұлттық телекоммуникациялық қауымдастығының өкілі «Атамекеннің» отандық өндірушілерге басымдық беру бойынша атқарған жұмысы туралы айтты. Ұлттық палата реестрде қолдануға болатын индустриялық сертификаттар аясында ауқымды жұмыс атқарғанын тілге тиек етті.
Қазақстанның IT-компаниялар қауымдастығы өз кезегінде реестрді негізгі ереже ретінде пайдалануды ұсынды.
Осылайша бизнес-қоғамдастық атынан уәкілетті органға кіргізу үшін өлшемдер мен ұсыныстар топтамасын құру туралы шешім қабылданды.
«Ақпараттандыру туралы» заң жобасы Мәжілісте, сондықтан реестрді енгізу мен оның өлшемдері туралы пікірді жеткізу қажет», – деп түсіндірді Эльдар Жұмағазиев.
Қатысушылар реестр аясында «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының талаптарын талқылады. Кәсіпкерлер республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ішкі процесстерін бизнесті қоғамай-ақ оңтайландыру қажеттілігін атап өтті.
Эльдар Жұмағазиев қорытындылай келе, Қазақстанның IT-компаниялар қауымдастығының реестр жобасын аяқтап, одан кейін уәкілетті органға таныстыру қажеттігін хабарлады.
«Мемлекеттік техникалық қызметке қатысты айтсақ, бизнесті одан өтуде мәселе орын алған. Біз ақпараттық қауіпсіздікке әсер етпейтіндей етіп қысқарту бойынша жұмыс істейміз. Маман дайындау қажет, бізге кәсібилер керек», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
Іс-шараға Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, мемлекеттік органдар салалық мекемелер, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты.
Сонымен қатар, электронды өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімді өнімдерінің реестріне енетін өлшемдер топтамасын жасау үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жұмыс тобы құрылады. Оған сарапшылар мен нарық өкілдері қатыса алады. Кандидатуралар туралы ақпаратты itgreen@atameken.kz поштасына жолдауды немесе +7 (7172) 919327 нөміріне хабарласуды сұраймыз.