Бүгін Астана қаласында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбымен VI Қазақстан машина жасаушылары форумы басталды. Форумды ҚР Үкіметі және Атамекен ҚР ҰКП қолдауымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырып жатыр. Осымен бесінші рет өтіп жатқан форумға 20 мемлекеттен 1000-нан аса делегат, Қазақстанда тіркелген әскери атташелер, күштік құрылымдардың өкілдері мен отандық және шетелдік машина жасау компанияларының өкілдері қатысып жатыр. Форум барысында секциялық отырыстар және кеңейтілген пленарлық отырыстар өтеді. Форумның бірінші күні отандық машина жасаудың одан әрі дамуы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және баға құрудың әлемдік тізбегіне тізілу бойынша сияқты тақырыптар қозғалып, мынадай секциялық отырыстар ұйымдастырылады: Мұнай-газ машинасын жасау (Модератор: Бишимов Куаныш Ердаулетұлы Атамекен ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары);Машина жасау технологиясы (Модератор: Беклемишев Павел Иннокентьевич, Қазақстанның машина жасау одағы ЗТБ Басқармасының мүшесі);Автомобиль жасау (Модератор: Лаврентьев Андрей Сергеевич АКАБ ЗТБ Президенті);Ауыл шаруашылық машинасын жасау (Модератор: Әбдірахманов Есіркеп Онланбекұлы ҚазАгроМаш ЗТБ Басқармасының төрағасы);Электротехникалық машина жасау (Модератор: Ильясов Еркебұлан Сайдаулаұлы Alageum Electric АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы). Форумның екінші күні секциялық отырыстарда мына тақырыптар қозғалады: Тау-кен металлургиялық машина жасау (Модератор: Жакенов Серікжан Әміржанұлы ҚарТауМаш ЖШС құрылтайшысы)Машина жасау технологиясы (Модератор: Беклемишев Павел Иннокентьевич, Қазақстанның машина жасау одағы ЗТБ Басқармасының мүшесі)Теміржол машинасын жасау (Модератор: Орынбасаров Бауыржан Пазылұлы ҚазақстанТемірЖолы ҰК АҚ инфрақұрылымының жөніндегі вице-президенті)Қорғаныс және оптикалық-электронды машина жасау (Модератор: Нургужин Марат Рахмалиевич ҚР ӘӨҚМ вице-министрі)Индустрия 4.0 (Модератор: Бекенов Берік Темірғалиұлы ҚИДИ АҚ Басқармасының төрағасы)Форум қорытындысында 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылады. Бұл жоба орта мерзімді кезеңде машина жасау саласын дамытудың стратегиялық көрінісі болмақ.