- Негізгі бет
- Бизнес жаңалықтар
- Әрбір төртінші қазақстандықтың...
Әрбір төртінші қазақстандықтың табысы 60 мың теңгеден аз
Қазақстандағы өндіріс орындары мен ұйымдарда жұмыс істейтін ел азаматтарының саны 2017 жылдың маусым айында 2,9 миллион болған. Бұл көрсеткіш 2 жыл бұрын 3 миллионнан асатын.
ҚР Статистика комитетінің мәліметіне орай, еңбекке жарамды қазақстандықтардың 25 пайызы (715,2 мың) 60 мың теңгеден төмен жалақы алады. Ал 50 пайызға жуығы 60 мыңмен 150 мың аралығындағы табысқа ие. Көрсеткіштің 16,2 пайызы 270 мыңға дейін жалақы алады. Одан бөлек, 123,3 мың (4,4%) қазақстандық жалақысы 270 мыңнан 390 мыңға дейін болса, тағы 124 мың (4.4%) отандасымыздық табысы 390 мыңнан жоғары болып отыр.
Жалпы қазақстандықтардың жалақы қорының көлемі 418,3 млрд теңгені құрап отыр. Ал 2017 жылдың қаңтар айынан еліміздегі ең төмен жалақы 24,4 мың теңге деп белгіленген.
Ж. Өрісбай