- Негізгі бет
- Бизнес жаңалықтар
- АҚШ доллары 328...
АҚШ доллары 328 теңгеге жетті
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаның құны тағы да өсті. ҚР Ұлттық банкінің белгілеген бағамы 1 АҚШ долларына 321,78 теңге болса да, жекеменшік сектордағы айырбастау пункттерінің шартты бағасы 328 теңгеге дейін өскен. Таңғы сессиядан кейін тағы да өсім болуы мүмкін.
Айта кетсек, кеше кешкі сессияның жабылған кезіндегі бағамы 322,02 болатын. Мұнай бағасы барреліне 46 АҚШ долларына дейін құлдыраса да, ұлттық банк есебінде теңге құны төмендемей тұр. Қазіргі уақытта, Brent маркалы мұнай баррелі 43,51 долларан сатылып жатыр. Жалпы есеппен, мұнай бағасы соңғы екі күнде 2,84 пайызға арзандады.
Мұнай бағасының құлдырауына Ливия мен Нигериядағы энергетика секторы өндірісінің артуы негіз болып отыр. Айта кетсек, Ливия тәулігіне 885 мың баррель мұнай өндіре бастаса, Нигерия мұнай көлемін 225 мың баррельге дейін арттырып отыр.
Ж. Өрісбай