SpaceX ғарышты игерудің арзан түрін жүзеге асырды

SpaceX ғарышты игерудің арзан түрін жүзеге асырды
Фото: beat.10ztalk.com

Америкалық миллиардер Илон Масктің ғарышты игеру саласына негізделген SpaceX компаниясы Dragon ғарыш кемесінің сәтті қонуын жүзеге асырды. Осылай, аталған нысан ғарыш жүйесінде көп рет қолдану мүмкіндігіне ие болды.

"Dragon капсуласы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) екінші рет барып, еш қиындықсыз қайта қонды", - деп жазады SpaceX компаниясы Twitter желісінде.

Аталған ғарыш зымыраны алғаш рет 2014 жылдың қыркүйегінде ұшырылды. Ал екінші рет ағымдағы жылы маусым айының басында Falcon 9 жүк зымыранының көмегімен ғарышқа шығарылды. Бүгін Dragon ХҒС-нан бөлініп, Тынық мұхитындағы арнайы дайындалған платформаға қонды.

Dragon ғарыш нысанын ғарышқа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған алғашқы сынақ

Қазіргі таңда, ғарышқа қажет 5,5 тонна затты Falcon 9 зымыранымен жеткізудің минимум құны 62 миллион АҚШ долларын құрайды. Ал екінші рет қолданылатын ғарыш нысаны 30 пайызға арзан немесе құны небәрі $40 миллион болмақ. Бұл NASA тасымалдау нысандарына жұмсалатын қаржыдан әлдеқайда арзан.

Ж. Өрісбай