Спорттық үлгідегі киімдерді шығаратын америкалық Nike компаниясы жұмысшыларының екі пайызын қысқартпақ. Бұл туралы CNN мәлімдеді.
Қазіргі таңда, Nike компаниясында 70 мың адам жұмыс істейді. Оның ішіндегі 10 000 қызметкер компанияның АҚШ-тың Орегон қаласындағы штабпәтерінде еңбек етеді. Ресми дерекке орай, 1400 қызметкер алдағы екі ай барысында жұмыстан шығарылмақ. Айта кетсек, жұмыстан шығарылатын адамдарға кейінгі 8 апта жалақылары төленеді.
CNN мәлімдеген ақпаратқа сүйенсек, Nike тауарды жылдам жеткізу қызметін дамытуды көздеп отыр. Қысқартудан үнемделген қаржы компанияның әлемнің 12 ірі қаласындағы бөлімшелеріндегі қызмет көрсетудің сапасын арттыруға жұмсалмақ. Сондай-ақ, Nike Нью-Йорк, Лондон, Шанхай, Токио, Париж және Мехико қалаларынан түсетін табыстың 2020 жылға қарай жалпы компания кірісінің 80 пайызын құруы үшін маркетингтік жаңғырту жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады.