Марк Цукерберг басшылық ететін Facebook корпорациясының ағымдағы жылдың екінші кварталына қатысты есебіне орай, таза табысы 3,89 миллиард АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 71 пайызға көп.
Ресми ақпаратқа орай, Facebook өткен жылы $2,28 миллиард табыс тапқан. "2017 жылдың бірінші жартысы біз үшін сәтті болды. Онлайн хабта 2 миллиард адам бар. Ал біз олардың бір-біріне жақын болғанын қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз",– дейді Цукерберг мырза.
Facebook желісінің 2017 жылғы екінші кварталындағы есебіне сай, компанияның жарнамадан түсетін табыс мөлшері 47 пайызға өскен. Ол бір жылда $6,24 миллиардтан 9,16 миллиард АҚШ долларына дейін артқан.
Сонымен қатар, компания әртүрлі қосымша жарналардың арқасында 157 миллион АҚШ долларын жинап үлгерген. Жалпы есепке келсек, компанияның кварталдық кірісі $9,32 миллиардқа жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 45 пайызға көп. Ал таза табыс әрбір акцияға 1,3 АҚШ долларынан тиіп отыр.
Facebook жариялаған статистикалық мәліметке орай, аталған әлеуметтік желіні қолданатындар қатарында Азия тұрғындары басымдылық танытып отыр. Ал ең аз бөлігі АҚШ пен Канадаға тиесілі.
Компания өзінің әлеуметтік желілері мен мессенджерлеріндегі аудитория санына байланысты жаңартылған ақпаратты да жария етті. Ресми ақпаратқа орай, 2017 жылы маусым айында Facebook желісінің қолданушылар саны 1,32 миллиард адамға жеткен. Ал айына бір кіретін адамдар саны 17 пайызға өсіп, 2 миллиардтан асып отыр.