Бизнес туралы орысша 5 подкаст

Бизнес туралы орысша 5 подкаст
Фото: envato.com

Бизнеспен қазір айналысқалы жатпасаңыз да, іскерлік қарым-қатынас, жаңа идеяларды табу және оны іске асыру туралы ақпаратпен танысу ешқашан артық болмайды. Бүгін орыс тілінде жүргізілетін бизнес туралы 5 подкастты назарға ұсынамыз.

Питч Дичь
Apple / Google Podcasts

Кез келген, тіпті ақылға қонбайтын идеялардың өзін стартап ретінде ұсынып, оны инвесторларға сатуға болады. Бұл ойды подкаст авторлары ұстанады. Бизнестегі басты қағида — идеяны дұрыс жеткізу. 

Будет сделано!
Apple

Никита Маклахов қонаққа шақырған мамандардың жеке тәжірибесі мен өзінің ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып, бизнес ашу жолдары мен оны жоспарлау идеясын көтереді. Оның подкастын тыңдау арқылы құлдыраудың трамплин екенін және шабыт сыйлайтын жұмыс іздеу керегін ғана түсінетін боласыз. 

Будь брендом
ApplePodster / PodFM

Адамның жеке қасиеттері мақсатқа жету жолында керек және өмір құлдыраған сәтте керек болатын қор екенін ұмытпаған жөн. Жеке брендті қалыптастыру және нетворкинг саласы бойынша бизнес леди атанған Мария Азаренок адам өз-өзін қалай жұмыс істеуге шабыттандыра алатынын білесіз.  

Открываем мир
Apple / SoundCloud / Podster

Ирина Плыткевич және оның OpenWorld жобасы арқылы жеке мақсаты мен бизнес бастау мақсатында қоныс аударған адамдардың түрлі хикаяларымен танысасыз. Подкаст авторлары кез келген адам өмірде оған күш-қуат беретін жерді табуы керек және оның қиял ғана емес, шындық екенін дәлелдегендей. 

Тандемократия
Forbes / Apple 

Forbes подкасты тандемде кәсіпкерлермен мен өнер саласындағы адамдардың қалай қарым-қатынас құрып, бизнес идеяларды бөлісетіні туралы сөз етеді. Тыңдау арқылы іске асатын идеялардың бәрі жалғыздықта емес, адамдармен араласа келе туатынына көз жеткізуге болады. 

Сайтымыздың жоба директоры Ербол Молдажанның авторлық Ottegi Podcast подкасты өз жұмысын бірер ай бұрын бастаған болатын. Әлі кәсіпкер қонақта болмаса да, тұщымды пікірлерімен бөліскен бірнеше мықты маман иелері бар. Подкаст тыңдағанды жақсы көрсеңіз, бір шолып шығыңыз. 

Т. Есқали