Мереке мәзірі: Самса

Самса - еліміздің дәстүрлі дастарханына сай дәмді тіскебасарлардың бірі. Қамырын бөлек илеп, салындысын бөлек әзірлеуге уақытыңыз болмаса, мынандай тез дайындалатын экспресс-самса жасап көріңіз. Осындай самса мерекелік дастарханға таптырмас шешім.

Құрамы:

қабат қамыр - 1 бума; тартылған ет - 300 гр; орамжапырақ - 200 гр; сәбіз - 200 гр; жұмыртқаның сарысы - 1; сұйық май; күнжіт дәндері; тұз бен бұрыш. Салындыны дайындайық. Орамжапырақты майдалап тураймыз, ал сәбізді үккішпен майдаласаңыз болады. Тартылған етті қосып, тұз бен бұрыш қосамыз. Дайын қамырды жылытып аламыз. Оны жұқа қылып жаямыз. Қамырды бірдей бөліктерге бөлеміз. Салындыны бірдей мөлшерде саламыз. Самсаның бетін әдемі қылып жабамыз. Пісіру пішінін майлаймыз, үстінен қағаз төсеген жөн. Самсаларды жайғастырып, үстіне жұмыртқаның сарысын жағамыз. Күнжіт дәндерін сеуіп, пісіру пешіне саламыз. Самса дайын! Астарыңыз дәмді болсын.

Дайындаған: Сания Аринова