- Негізгі бет
- Бізге 1 жыл!
- Мереке мәзірі: Самса...
Мереке мәзірі: Самса
Самса - еліміздің дәстүрлі дастарханына сай дәмді тіскебасарлардың бірі. Қамырын бөлек илеп, салындысын бөлек әзірлеуге уақытыңыз болмаса, мынандай тез дайындалатын экспресс-самса жасап көріңіз. Осындай самса мерекелік дастарханға таптырмас шешім.
Құрамы:
| |
Салындыны дайындайық. Орамжапырақты майдалап тураймыз, ал сәбізді үккішпен майдаласаңыз болады. Тартылған етті қосып, тұз бен бұрыш қосамыз. | |
Дайын қамырды жылытып аламыз. Оны жұқа қылып жаямыз. | |
Қамырды бірдей бөліктерге бөлеміз. Салындыны бірдей мөлшерде саламыз. | |
Самсаның бетін әдемі қылып жабамыз. | |
Пісіру пішінін майлаймыз, үстінен қағаз төсеген жөн. Самсаларды жайғастырып, үстіне жұмыртқаның сарысын жағамыз. Күнжіт дәндерін сеуіп, пісіру пешіне саламыз. | |
Самса дайын! Астарыңыз дәмді болсын. |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А