Бекзат Жүсіп: "Әріптестерімді 1 жылдық мерейтоймен құттықтаймын"

Бекзат Жүсіп: "Әріптестерімді 1 жылдық мерейтоймен құттықтаймын"

"Хабар" телеарнасы, "Жаңалықтар" бөлімінің редактор-жүргізушісі Бекзат Жүсіптің сайт тұсаукесеріне орай айтқан құттықтау сөзі.

Қазір "жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай" сайттар саны күн санап көбейіп жатқан кез. Осындай кезеңде сол көптің арасынан суырылып шығып, оқырманның шынайы ықыласына бөлену оңай емес. Өйткені сіз тұрақты ғаламтор пайдаланушысын күшпен ұстап тұра алмайсыз. Бір мәрте оқырман сайттағы мақалаға немесе көркемделуіне көңілі толмаса, екінші қайтара ол адамның қайтып оралуы екіталай. Осы тұрғыда «Массагет» сайты оқырман сенімін ақтап келеді.

23

Меніңше, ұжымының мақсаты айқын, қадамы нық. Мұнда қозғалатын тақырыптар да сан алуан. Ұлттық проблемалардан бастап, күн тәртібіндегі өзекті жайттар де ылғи назарда. Әсіресе жастар жағдайы кеңінен қамтылады. Сайт мазмұны қазақы, тілшілерінің тілі жатық, айтар ойы ұғынықты. Осындай сапалы сайт ұжымын, әріптестерімді 1 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Біз секілді оқырмандарыңыз "Массагеттен" әлі талай мағыналы мақала күтеді. Сәттілік! 

Сурет: Бекзат Жүсіптің жеке мұрағатынан

Б. Қосмағамбет