- Негізгі бет
- Білім
- Вакцина салдырмаған оқушылар...
Вакцина салдырмаған оқушылар ҰБТ тапсыра ала ма? БҒМ жауабы
Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде оқушыларға вакцина салу міндетті емес. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үшін талапкерлерге екпе алу міндетті емес. ҰБТ-ға кіруге рұқсат беріледі", - деді ресми өкіл.
Екпе салмаған оқушыларды ҰБТ-ға кіргізбеген жағдайда call-орталыққа хабарласуға болады: +77172 69-50-69, +77172 69-52-92, +77172 69-50-69, +77172 69-52-92, +77172 69-50-96.
Еске салайық, 3 ақпанда Білім және ғылы министрлігі биылғы ҰБТ-дегі өзгерістер туралы айтқан болатын. Жаңалықтардың бірі - қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, қазір екінші камера орнатылады, ол жеке басын сәйкестендіреді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыт өткеннен кейін компьютерде кім отырғанын тіркейді. Тестілеудің өзі тегін, ал сынақ тесттері ақылы өтеді. Министр Асхат Аймағамбетов сынақтардың белгіленген бағаларын өзгерту қажет екенін айтқан болатын. Сондықтан Аймағамбетов тестілеудің барлық осы түрі бойынша құнды екі есе төмендетуді тапсырды.
Т. Раушанұлы