- Негізгі бет
- Білім
- Үтір белгісінің дұрыс...
Үтір белгісінің дұрыс қойылуын карантин арқылы жаттау оңай
Халықты қызыл, сары, жасыл, көк түске бөлген "Ashyq" қосымшасын білетін шығарсыздар. Үтір белгісінің қойылуын оңай жаттау үшін осы түстер арқылы түсіндіріп көрейін.
Қызыл түс - толық оқшауланады. Ешқайда шықпайды, барлық мүмкіндіктен шектеледі.
Сары түс - вирусы бар адаммен байланысқан. Оған кейбір жағдайға шектеу қойылады.
Көк түс - тексерілмеген, алайда вирусқа қатысы жоқ.
Жасыл түс - вирусқа еш қатысы жоқ, демек, еш шектеу жоқ. Өз еркі өзінде.
Оқшау сөзге жататын одағай, қаратпа, қыстырма сөздерді
– сөйлемнің ортасында келсе екі жағынан
– басында, аяғында келсе, бір жағынан үтір қойып оқшаулап, каратинге жауып тастауымыз керек. Олар қызыл түс. Әрдайым оқшаулануы тиіс.
Бірақ, алайда секілді қарсылықты мәндегі шылау және себебі, өйткені тәрізді себеп-салдар мәніндегі шылау сары түс. Оларды кей жағдайда үтірмен оқшаулаймыз.
Сөйлемнің басында келсе үтір қойылмайды. Ал құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдерді байланыстырып, сөйлем ортасында келсе, тек оның алдына үтір қойылады.
Не, болмаса секілді шылаулар көк түс. Сөйлем ішінде келгенде еш тыныс белгі қоймаймыз. Ал не мынау, не мынау деп қайталанып келетін болса, арасына үтір қойылады.
Және, мен, бен секілді ыңғайластық қатынастағы шылау жасыл түс. Оған ешқандай шектеу жоқ, үтір арқылы оқшаулау заңға қайшы болады.
@. @assel_assanova