- Негізгі бет
- Білім
- ҰБТ электронды форматта...
ҰБТ электронды форматта өтіп жатыр
Тестілеуді өткізу кестесіне сәйкес бүгін еліміздің 12 аймағында Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтіп жатыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында тестілеу 12 наурызда, Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында 15 наурызда басталады.
Бұған дейін көктем айындағы тестілеу тек 10 күнге созылса, биыл қатысушыларға 1 ай уақыт беріліп отыр. Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималды балл – 140.
Тестілеу электрондық форматта "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидасы бойынша өтуде. Сондай-ақ прокторинг жүйесі қолданылып, бейнебақылау орнатылған. Тұлғаны цифрлық сәйкестендіру жүйесі – Face ID ҰБТ-ға қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, наурыздағы ҰБТ-ның сертификаты жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге ғана жарамды.
Н. Үсенова