- Негізгі бет
- Білім
- ҰБТ-2019. Түркістан облысының...
ҰБТ-2019. Түркістан облысының түлегі 140 балл жинады
20 маусымнан бастап елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. Бүгінге дейін жас түлектердің бес легі тапсырып шықты. Олардың ішінде бір мектеп бітіруші ең жоғары нәтиже саналатын 140 баллды жинап шықты.
Бүгін ҰБТ жайлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев тестілеу қалай өтіп жатқаны туралы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, 140 балл жинаған түлек жайлы айта кетті.
- 24 маусым күні ең жоғары нәтиже 140 балл тіркелді. Ол Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі - "Алтын белгі" иегері Жұбай Қасымжан Әділжанұлы. Кеше ғана ҰБТ тапсырған болатын, - деді ол.
Қазіргі таңдағы статистика бойынша мектеп бітірушілер физика, математика, биология және химия пәндерін көп таңдаған.
ҰБТ 30 маусымға дейін жалғасады. Биыл тест тапсыруға 117 242 түлек өтініш берген.
- Тестілеу өткізу мерзімінде Ұлттық тестілеу орталығының call-орталығына 546 қоңырау түсті. Олардың көбісі - тамыз айында болатын ҰБТ және жоғары оқу орындарына түсу бойынша сұрақтар, - деді Ә.Тойбаев.
ҰБТ-2019 нәтижелері edu.mail.kz сайтында және телеграм-ботта - edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтында (www.testcenter.kz) жариялануда.
Н. Үсенова