Түсімде сәби көрдім

Түсімде сәби көрдім
Фото: vk.com

Түсіңізге сәби енсе, не болады? 

Миллер түс жорушысы бойынша, жылап отырған емшектегі бала – жұмыстағы сәтсіздіктің белгісі. Одан бөлек, денсаулығыңызда да кінәрат болуы мүмкін. Егер емшектегі бала түсіңізде аяғымен жүрсе, басыңыз тәуелсіздік алуы мүмкін. Яғни сіз өзіңізге қысым көрсететін адамдардан құтыласыз. Егер сіз түсіңізде бөтен біреудің баласын бағып жүрсеңіз, жақын жаныңыздан сатқындық көресіз. Түсіңізге емшектегі қыз бала енсе, отбасыңызға береке кіреді, ал ұл сәби көрсеңіз, біреу сізге қамқорлық танытады. 

Фрейд түс жорушысы бойынша, сәби отбасының бақытын білдіреді. Яғни жанұяңызда татулық орнайды. Егер сәби түсіңізде жыласа, әлдебір қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Түсіңізде баланы қолыңызға алып, тербетіп жатсаңыз, біреу сіздің мейірімділігіңізді пайдаланып жүр деген сөз. Ал бірнеше сәби отбасының татулығына, береке-бірлігіне көрінеді. 

Қазақ түсінігінде түске енген сәби өзіңіздің немесе жақын туысыңыздың балалы болуының белгісі. 

Р. Роза