ТОП-3: Балаларға арналған қазақтілді YouTube арна

ТОП-3: Балаларға арналған қазақтілді YouTube арна
Фото: ©Р.Фахрутдинов

Қазақ тілінде контентке жылдан жылға сұраныс артып келе жатқанымен, балаларға арналған YouTube әлі де дамымай тұр. Оған себеп қаржы мен қолдаудың жетіспеушілігі екені де жасырын емес. Бүгін қолдау таппаса да, балаларға арналған контентті дамытуға үлес қосып жүрген ТОП-3 арнаны назарға ұсынамыз.


BAL BILIM
Жазылушылар саны: 978

Негізін қалаған — Самат Қазмағамбетов (Tiko). Жобаның негізгі мақсаты қазақ тілінде контентті дамыту арқылы бүлдіршіндердің ерте жастан ана тілін дамыту. Оған себеп – көп баланың тілі ағылшын, орыс тілінде видеоларды тамашалау арқылы басқа тілде шығуы. Арнада өзге тілдегі видеолардың аналогы ұсынылды. Музыкалық форматта болғандықтан бала жадында оңай сақталады. Алғашқы видео бірер ай бұрын салынғанына қарамстан, 50 мыңға жуық қаралаым жинап үлгерді.

Ayakoz Begim
Жазылушылар саны: 36,5К
Апалы-сіңлі Аякөз бен Бегімнің қызықты сәттерін тамашалауға болады. Олар түрлі тәжірибелер жасайды, ойыншықтарға шолу түсіреді. Олардың блогтары кішкентайынан бері түсіріліп келеді. Арна авторлары балақайлардың ата-анасы – Ернар мен Жазира. Одан бөлек, арнада "қуырмаш" деген айдармен танымал танымдық видеолар да бар.

BilimKids
Жазылушылар саны: 88,8К
Анимациялық видеолар балаларға түрлі сөздерді музыка арқылы үйретеді. Әр түрлі тақырыптағы минуттық видеоларда шынайы кейіпкерлер жоқ, барлығы мультфильм форматында жасалған. Арнадағы видеолар жаңармаса да, көрілімдер саны күн санап жаңарып отыр.

Т. Есқали